Бұл футболшы кезінде Италия, Англия және Германия секілді алпауыт елдерде өнер көрсеткен.
Қазақстан құрамасының экс-ойыншысы Александр Меркель елордалық "Жеңіс" жейдесінде алғашқы матчын өткізді.
Астаналық команда Түркияда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны аясында Косовоның "Приштина" клубымен жолдастық кездесу өткізді. Меркель матчтың екінші таймында алаңға шықты. Қорытындысында "Жеңіс" қарсыласына 0:1 есебімен есе жіберді.
1992 жылы Алматыда дүниеге келген Александр Меркель бұған дейін Англия, Швейцария, Германия, Аустрия, Нидерланд, Сауд Арабиясы, Түркия және БАӘ чемпионаттарында өнер көрсетті.
Еске сала кетейік, ол 2015-2019 жылдары Қазақстан ұлттық құрамасының намысын қорғаған.