ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

"Челсиде" жарқыраған футболшы Қазақстанда ойнамақ

Ол АПЛ-дің бірқатар алпауыт клубтарында ойнаған. Тіпті Премьер-лиганың жеңімпазы болған.

"Челсиде" жарқыраған футболшы Қазақстанда ойнамақ
Виктор Мозес. Фото: "Челси" ФК

Лондондық "Челси" клубының бұрынғы ойыншысы, 35 жастағы Виктор Мозес Қазақстан Премьер-Лигасында өнер көрсетеді, деп хабарлайды AmanVIBE.

"Мендегі ақпаратқа сүйенсек, нигериялық футболшы қызылордалық „Қайсармен“ бір жылдық келісімшартқа қол қояды".

Нигериялық ойыншының Ағылшын Премьер-лигасында біраз жылдар өнер көрсеткені де айтылды:

"Мозес мансабын „Кристал Пэласта“ бастап, кейін „Уиган Атлетикке“ ауысты, сол жерде оның ойыны „Челсидің“ назарын аудартты. Мансабындағы ең табысты кезең 2016/17 маусымына тұспа-тұс келді: ол Антонио Конте баптаған „Челсиде“ ойнап, командаға Премьер-Лиганы жеңіп алуға көмектесті. Сол маусымда ол көбіне қаптал қорғаушысы позициясында өнер көрсетті. Бұдан бөлек, Нигерия құрамасының экс-ойыншысы (38 матч, 12 гол) „Сток Сити“, „Вест Хэм“, „Фенербахче“, „Интер“, „Спартак“ (Мәскеу) және „Лутон Таун“ клубтарының да намысын қорғаған. Ойыншының ресми таныстырылымы 24 қаңтарда Қызылордада өтеді", — деп жазады дереккөз.

Еске салайық, өткен маусымда ҚПЛ-де қызылордалықтар турнирлік кестеде 11-орын алып, 22 ұпай жинады. "Қайсар" 2025 жылы жекешелендірілген алғашқы футбол клубы атанды. Команда жергілікті кәсіпкер Исламғали Қозбақовтың басқаруына өтті.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.