FIFA қазақстандық төрешілерді қуантты

Сарапшы, спорт журналисі

21 төрешісі 2026 жылы FIFA мәртебесін алды. Ол ең жоғары деңгейдегі матчтарда қызмет ету мүмкіндігін береді. 

FIFA қазақстандық төрешілерді қуантты
sportarena.kz

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2026 жылға арналған халықаралық мәртебесі бар төрешілердің ресми тізімін жариялады. ФИФА шешіміне сәйкес, Қазақстаннан 21 төреші халықаралық деңгейдегі мәртебеге ие болды.

Аталған мәртебе қазақстандық төрешілерге ФИФА мен конфедерациялар аясында өтетін ең жоғары деңгейдегі матчтарға, соның ішінде халықаралық турнирлер мен іріктеу кезеңдеріндегі ойындарға қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

VAR төрешілері (FIFA)

  • Арман Исмұратов
  • Саят Қарабаев
  • Данияр Сахи
  • Сәкен Байымбет
  • Айдын Тасыбаев

Негізгі төрешілер (FIFA)

  • Болат Сариев
  • Татьяна Сорокопудова

Төреші ассистенттері (FIFA)

  • Дмитрий Белоградов
  • Евгений Бельский
  • Алексей Долгих
  • Динара Ыдырысова
  • Сергей Калачев
  • Денис Лабашов
  • Наргис Мағау
  • Самат Тергеусізов
  • Юрий Тихонюк
  • Сергей Васютин

Футзал төрешілері (FIFA)

  • Аслан Галаев
  • Нұрлыбек Қалимағанбетов
  • Төрехан Тұрсымбаев

Жағажай футболы (FIFA)

  • Роман Дзусов

Айта кетейік, ФИФА-ның халықаралық төреші мәртебесі — жоғары сенім мен кәсіби деңгейдің көрсеткіші. Бұл Қазақстан футбол төрешілігінің халықаралық аренадағы беделін арттырып, отандық мамандардың әлемдік деңгейде тәжірибе жинауына жол ашады.

Оқи отырыңыздар: 

Ермұхамед Мәулен: "Ордабасы" енді ешкімге жалынбайды

"Тобыл" басты жұлдызымен қош айтысты

Серік Сәпиев пен орынбасары арасындағы жанжалдың себебі белгілі болды

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір