Қазақстанның екі дүркін чемпионы тағы бір легионермен күшейді.
Команда сапына 29 жастағы венесуэлалық вингер Луис Герра қосылды. Клуб ойыншымен келісімге келіп үлгерген. Жоспар бойынша оңтүстікамерикалық футболшы “Тобылдың” бұрынғы көшбасшыларының бірі болған Ислам Чесноковтың орнын басатын нұсқалардың қатарында қарастырылып отыр.
Луис Герра өткен маусымда Чилидің “Депортес Лимаче” клубының намысын қорғаған. Дәл сол командадағы ойыны арқылы ол өзін шабуылдағы креативімен және ассист көрсеткішімен таныта білді.
Герра – “Минерос” клубының түлегі. Кәсіби мансабын да осы ұжымда бастап, жасөспірімдер құрамасынан негізгі командаға дейін өскен.
Оның ойындық кезеңінің басым бөлігі Венесуэла чемпионатында өтті. Әртүрлі жылдары жартылай қорғаушы мына клубтарда доп тепті:
Бір жыл бұрын Луис Герра Чилиге ауысып, “Лимаче” сапында 26 матч өткізді. Маусым қорытындысында ол 3 гол соғып, 13 нәтижелі пас берген.