Қазақстанда футбол клубтарын жекешелендіру процесі жалғасып жатыр. Бұл жолы Бірінші лигада өнер көрсететін "Тараз" ФК толық жеке меншікке өтті.
AmanVibe дерегіне сүйенсек, бүгіннен бастап “Тараздың” жаңа иесі — SD Family спорт холдингі. Холдингті бұрынғы футболшы Дидар Сыдықбек басқарады. Жамбылдық клуб сауда-саттықта 15 миллион теңгеге сатылған.
Ақпаратқа сәйкес, SD Family құрылымында бірнеше бағыт бар:
Бұл активтер холдингтің инфрақұрылымдық мүмкіндігін күшейтіп, “Тараз” жобасына ұзақмерзімді жоспар құруға жол ашуы ықтимал.
Осы мәміледен кейін “Тараз” Қарағандының “Шахтеры” сияқты Бірінші лигада жеке клуб мәртебесіне ие болды. Мұндай өзгеріс клубқа жеке инвестиция тарту, басқару жүйесін жаңарту және спорттық және маркетингтік стратегияны күшейту сияқты мүмкіндіктер беруі мүмкін.