Ресми: Виктор Мозес – "Қайсар" ойыншысы атанды

Сарапшы, спорт журналисі

Қызылордалық клуб ресми парақшасында нигериялық ойыншыны ресми түрде таныстырды.

Ресми: Виктор Мозес – "Қайсар" ойыншысы атанды
"Қайсар" ФК

Нигериялық жартылай қорғаушы Виктор Мозес "Қайсардың" ойыншысы атанды.

Бүгін, 24 қаңтарда, "Челси" құрамында Англия чемпионы атанған футболшы Қызылорда командасының жаңа ойыншысы ретінде ресми түрде таныстырылды. КПЛ-да ол 11-нөмірлі жейдемен ойнайды. "Қайсарға" ауысқанға дейін 35 жастағы Виктор Мозес ағылшынның "Лутон Таун" клубында өнер көрсетті.

Мозестің мансабы жайлы

Мозес мансабын "Кристал Пэлас" клубында бастап, кейін "Уиган Атлетик", ,*Челси", "Ливерпуль", "Сток Сити" және "Вест Хэм" сапында ойнады. Англиядан тыс жерлерде нигериялық футболшы Миланның "Интер", түркиялық "Фенербахче" және мәскеудің "Спартак" клубтарында өнер көрсетті.

Ұлттық құрамалар деңгейінде ол Англияның жасөспірімдер және жастар құрамаларында, сондай-ақ Нигерияның негізгі құрамасында ойнау тәжірибесіне ие.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір