"МЮ" аңызы "Ақтөбемен" нақты келісімге келді

Сарапшы, спорт журналисі

Португалия құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы, Англияның төрт дүркін чемпионы Луиш Нани "Ақтөбемен" келісімшартқа отыруға келісім бергені туралы ақпарат тарады. 

"МЮ" аңызы "Ақтөбемен" нақты келісімге келді
Instagram/@fcaktobe_official

Журналист Елдар Аманбаевтың жазуынша, Нани келісімшартқа қол қоюға келісім берген. Ең қызығы — аты аңызға айналған ойыншы "Ақтөбеге" ауысу үшін кәсіби мансабын қайта жалғастырмақ.

Мәліметке сәйкес 39 жастағы португалиялық "Ақтөбемен" 1 жылға келісімшартқа отырады. Қазақстан Премьер-лигасында 17-нөмірмен ойнайды

"Манчестер Юнайтедтың" экс-ойыншысы айына 70 мың доллар жалақы алады. 

Еске сала кетейік, Нани Алматыға кеше ұшып келді. Ал бүгін Ақтөбеге барып, клубтың инфрақұрылымы мен жағдайымен танысқан.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір