"Ақтөбе" негізгі қақпашысымен қош айтысты

Сарапшы, спорт журналисі

Румын қақпашысы өткен маусымда 23 ойын өткізіп, сегізінде қақпасын голдан амалып қалған еді.

"Ақтөбе" негізгі қақпашысымен қош айтысты
Андрей Влад. Фото: "Ақтөбе" ФК

Румыниялық қақпашы Андрей Влад "Ақтөбе" клубынан ресми түрде кетті, деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.

26 жастағы қақпашы "Ақтөбеге" өткен жылдың басында келген. Қазақстан Премьер-Лигасында ол 23 матч өткізіп, соның сегізінде қақпасын "құрғақ" сақтап қалды. Влад Румыния құрамасы сапында 2021 жылы бір ойынға қатысқан.

Өткен маусымда Қазақстан Премьер-Лигасында "Ақтөбе" қорытынды турнирлік кестеде бесінші орын алды. Жуырда клубтың иесі кәсіпкер Нұрлан Артықбаев болғаны белгілі болды, Forbes дерегінше оның дәулеті 228 миллион долларды құрайды. Биылғы маусымаралық кезеңде "Ақтөбе" ірі трансферлерімен КПЛ-дегі басты ньюсмейкерге айналып отыр.

Оқи отырыңыз:

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір