Ол ресми түрде "Атлетико Малвейра" клубының ойыншысы атанды. Португалиялық клубтың баспасөз қызметі футболшының ауысқанын ресми түрде растады.
Қазақстандық жартылай қорғаушы Афуан Дәулетұлы мансабын Португалияда жалғастырады. Ол ресми түрде "Атлетико Малвейра" клубының ойыншысы атанды. Португалиялық клубтың баспасөз қызметі футболшының ауысқанын ресми түрде растады.
"Афуан Дәулетұлы "Альмодовардон" ауысып келіп, негізгі құрамымызды күшейтеді. Командамызға қош келдің және біздің түстерімізде сәттілік тілейміз!", — деп жазды "Атлетико Малвейра" клубы.
Афуан Дәулетұлы — еуропалық футболдың түлегі. Ол футбол ойынының қыр-сырын атақты румын жартылай қорғаушысы Георге Хаджидің академиясында меңгере бастаған. Кейін ата-анасының жұмысына байланысты Португалияға қоныс аударып, Лиссабонның үздік жасөспірімдер клубтарында шеберлігін шыңдай бастады.
Бұған дейін португалиялық агент Паулу Барбоза Афуан Дәулетұлының ойын мәнеріне жоғары баға берген болатын. Ол жас қазақстандықтың стилін француз футболының аңызы Зинедин Зиданмен салыстырған.
Барбозаның айтуынша, 19 жастағы Афуан Дәулетұлы доппен жұмыс істеу мәдениеті мен алаңдағы шешім қабылдау мәнері жағынан әйгілі Зизуға ұқсайды.