Бұған дейін бірқатар БАҚ 34 жастағы форвардқа "қызыл-ақтар" қызығушылық танытып отырғанын жазған еді.
"Ақтөбе" футбол клубы камерундық шабуылшы Венсан Абубакарға қатысты тараған ақпаратқа ресми түсініктеме берді. Бұған дейін бірқатар БАҚ 34 жастағы форвардқа "қызыл-ақтар" қызығушылық танытып отырғанын жазған еді.
ASnews.kz дерегіне сүйенсек, "Ақтөбе" басшылығы Венсан Абубакарды шабуыл шебін күшейту нұсқасы ретінде қарастырмайтынын мәлімдеді. Осылайша клуб ықтимал трансфер туралы қауесеттерді жоққа шығарды.
Қазіргі уақытта Венсан Абубакар Әзербайжанның "Нефтчи" клубында өнер көрсетеді. Бұл команда сапында ол 10 матчқа қатысып, төрт гол соқты.
Бұған дейін шабуылшы:
"Әл-Наср" құрамында Абубакар әлемдік футбол жұлдызы Криштиану Роналдумен бірге бір командада өнер көрсетті.