ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 23-тур

Талғат Байсуфинов ҚПЛ клубын тізгіндеуі ықтимал

Ұлттық құрама бапкері ҚПЛ-дің топ клубына үсынылған. Қазіргі таңда клуб ойлану үстінде.

Талғат Байсуфинов ҚПЛ клубын тізгіндеуі ықтимал
Талғат Байсуфинов. Фото: ҚФФ

Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфиновты "Ақтөбе" клубына ұсынған. Бұл туралы ASnews.kz хабарлады.

Жыл басында маман Қазақстан футбол федерациясымен келісімшартын ұзартқан еді. Осылайша ол ұлттық құраманың толыққанды бас бапкері атанды.

Ақтөбеліктер қазіргі бапкеріне көңілі толмауда

"Ақтөбеге" келсек, "қызыл-ақтардың" жаңа басшылығы болгариялық маман Николай Костовтың жұмысына көңілі толмай отыр.

Қазіргі таңда Байсуфиновтың тағайындалу ықтималдығы төмен бағалануда. Алайда алдағы күндері жағдай түбегейлі өзгеруі мүмкін.

Бұған дейін БАҚ-та бас бапкерлік қызметке үміткерлердің бірнеше есімі аталған болатын. Олардың қатарында Владимир Вайсс, Виктор Скрипник және басқа да мамандар бар.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.