ҚПЛ Суперкубогының иегері пенальти сериясында анықталды

Сарапшы, спорт журналисі

Жаңа маусым қарсаңындағы матч "Астана Аренада" өтті.

ҚПЛ Суперкубогының иегері пенальти сериясында анықталды
vesti.kz

Қостанайлықтардың бағы жанды

Алматылық “Қайрат” пен қостанайлық “Тобыл” Қазақстан Суперкубогы үшін өткен кездесуде негізгі уақытта жеңімпазды анықтай алмады. “Астана Аренада” өткен матч 2:2 есебімен аяқталып, пенальти сериясында “Тобыл” 4:5 нәтижесімен басым түсті (жалпы есеп — 6:7).

Кездесу өте ерте голмен басталды. 6-минутта Луис Герра алматылықтардың қорғаныстағы қателігін пайдаланып, есеп ашты. Арада көп өтпей “Қайрат” есін жиып, 20-минутта Александр Мрынский алыстау бұрышты дәл көздеп, таразы басын теңестірді.

Матчтағы маңызды сәттердің бірі 26-минутта болды. Неманья Кавнич Жоржиньоны шалып, “Қайрат” пенальти алды. Алайда Жоржиньо 11 метрден Сұлтан Бұсырмановты қапы қалдыра алмады. Дегенмен Яакко Оксанен қайтарылған допқа бірінші жетіп, “Қайратты” алға шығарды.

Екінші таймда ойын қыза түсті, екі команда да тыңнан ойынышылар қосты. Алаңға Дастан Сәтпаев та қосылды. Дегенмен шешуші соққы матч соңына қарай жасалды. 89-минутта Асхат Тағыберген айып добын әдемі орындап, есепті қайта теңестірді. Осы гол ойын тағдырын пенальти сериясына алып келді.

Пенальтиде кім мықты болды?

Пенальти сериясында жүйкесі берік команда жеңіске жетеді. Бұл жолы дәл сондай мінез “Тобылдан” табылды — қостанайлықтар 4:5 есебімен ұтып, Суперкубокты иеленді.

Осылайша “Тобыл” Қазақстан Суперкубогын өз тарихында төртінші рет жеңіп алды.

“Қайрат” (Алматы) — “Тобыл” (Қостанай) 2:2 (2:1), пенальти: 4:5
Голдар:
Герра (6), Мрынский (20), Оксанен (26), Тағыберген (89)
Өтпеген пенальти: Жоржиньо (26) — қақпашы қайтарды

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір