Салтанатты шара "Интердің" МЛС кубогын жеңіп алуына байланысты өткізіледі.
АҚШ-тың "Интер Майами" клубы 5 наурызда Ақ үйге арнайы шақырту алған. Бұл туралы The Athletic басылымы жазды.
Салтанатты қабылдау команданың өткен жылдың қарашасында MLS кубогын жеңіп алуына байланысты ұйымдастырылмақ. Финалда "Интер Майами" "Ванкуверді" жеңіп, 2020 жылы лигаға қосылғалы бергі алғашқы чемпиондығын тойлаған еді.
Алайда шараға Лионель Мессидің қатысуы әзірге нақтыланбаған. Аргентиналық жұлдыз жарақатына байланысты оңалу кезеңінен өтіп жатыр. Егер ол Ақ үйге барса, бұл Мессидің мансабындағы алғашқы ресми сапары болмақ. Себебі 2025 жылдың қаңтарында АҚШ-тың сол кездегі президенті Джо Байден табыстаған президенттік медальді алу рәсіміне футболшы қатыса алмаған.
Айта кетейік, осы аптада Ақ үйде 2026 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы атанған АҚШ хоккей құрамасы да құрметке ие болды.
38 жастағы Лионель Месси "Интер Майамиге" 2023 жылдың жазында ауысқан. 2024 жылдың қазан айында ол клубпен келісімшартын 2028 жылға дейін ұзартқан.