Матч тікелей эфирде "Qazsport" телеарнасы арқылы көрсетіледі.
Бүгін, 28 ақпанда, алматылық "Қайрат" пен қостанайлық "Тобыл" Қазақстан суперкубогы-2026 жүлдесін сарапқа салады.
Сарапшылар бұл кездесуде алматылық ұжым басым болатынын және жеңіске жету мүмкіндігі қарсыласқа қарағанда жоғары екенін айтады.
Кездесу Астана қаласында өтеді. Басталу уақыты – 17:00.
2025 жылғы Қазақстан Премьер-лигасының қорытындысы бойынша, алматылық ұжым ел чемпионы атанды. Алматылық клуб турнирлік кестеде "Астананы" екі ұпайға басып озды.
Ал "Тобыл" ұлттық чемпионатты үшінші орынмен аяқтады. Сонымен қатар қостанайлықтар Қазақстан Кубогын жеңіп алды. Финалда олар шымкенттік "Ордабасыны" 2:0 есебімен ұтты.
Екі команда да Суперкубокты үш реттен жеңіп алған:
Осылайша, бүгінгі матчта қай клуб төртінші рет Суперкубок иегері атанатыны анықталады.