Қазақстан құрамасының қақпашысы 2 минутта екі гол жіберіп алды (ВИДЕО)
Футболдан Әзербайжан кубогының ширек финалындағы қарымта матчта Стас Покатилов соңғы минуттарда екі гол жіберіп, "Сабахтың" "Габалаға" қарсы жеңісті ұстап тұруына мүмкіндік бермеді.
instagram/@sabahfc
Матч қалай өтті?
Кездесудің негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталды. Қонақтар Тимотеуш Пухачтың дублі арқасында алға шыққан, бірақ соңғы минуттарда "Габала" таразы басын теңестіріп кетті. Осылайша матч қосымша уақытқа ұласты
Қызыл қағаз да тоқтата алмады
Екінші таймда алаң иелері Адриэль Ба Луа алаңнан қуылғаннан кейін азшылықта қалды. Соған қарамастан "Габала" ойын соңында камбэк жасады.
Бұл жұптың алғашқы ойыны 0:0 болып аяқталған. Келесі кезеңге өткен команда жартылай финалда "Қарабахпен" ойнайды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet