Мессидің кезекті голы "Интер Майамиге" жеңіс сыйлады

Сарапшы, спорт журналисі

Аргентиналық жұлдыз тағы да шешуші сәтте командасын алға сүйреп, "Интер Майамиге" АҚШ-тың MLS чемпионатында маңызды жеңіс алып берді.

Сырт алаңдағы жеңіс

“Интер Майами” MLS тұрақты маусымының кезекті турында сырт алаңда “Ди Си Юнайтедті” 2:1 есебімен ұтты.

Қонақтар сапында алғашқы голды Родриго Де Пауль 17-минутта соқты. Ал араға он минут салып Лионель Месси есеп айырмасын ұлғайтып, матч тағдырын шешкен гол авторларының бірі атанды.

Алаң иелері сапынан жалғыз голды Тай Барибо 75-минутта соғып, интриганы қайтаруға тырысқанымен, матч соңына дейін есеп өзгермеді.

Шығыс конференциясындағы жағдай

Месиидің командасы үш турдан кейін 6 ұпай жинап, Шығыс конференциясында төртінші орынға көтерілді. Ал “Ди Си Юнайтед” 3 ұпаймен сегізінші сатыда тұр.

“Интер Майами” MLS аясындағы келесі ойынын 15 наурыз күні сырт алаңда “Шарлоттқа” қарсы өткізеді. Ал дәл осы күні “Ди Си Юнайтед” қонақта «Чикаго Файрмен” күш сынасады. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір