"Астана" ҚПЛ маусымын ірі жеңіспен бастады

Сарапшы, спорт журналисі

Елордалықтар 1-турда "Жетісуды" қабылдады.

"Астана" маусымды чемпиондық екпінмен бастады

Өткен маусымда чемпиондыққа соңына дейін таласқан "Астана" биылғы біріншілікті де жоғары қарқынмен бастады. Жаңа маусымда өз амбициясын бірден паш етті.

Ал талдықорғандықтар үшін бұл кездесу сәтсіз аяқталды. Команда қорғаныста жиі қателік жіберіп, матч тізгінін қарсыласқа ұстатып қойды. Осылайша ойын 4:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды 

"Жетісу" үшін ауыр соққы

"Жетісу" өткен маусымда турнир кестесінің төменгі бөлігінде қалып қойған командалардың бірі болды. Сондықтан биыл жанкүйерлер клубтан әлдеқайда тәуір нәтиже күтеді. Алайда алғашқы турдағы ойын талдықорғандық ұжымның әлі де көп жұмыс істеуі қажет екенін көрсетті.

"Астана" — "Жетісу" (Талдықорған) 4:1 (3:0)

Голы: Басманов 14 (1:0), Бартолец 29 (2:0), Абраев 39 (3:0), Томасов 57 (4:0), Зиванович 81 (4:1). 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Материалда:

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір