Соңғы жұмыс күні 11 наурыз яғни ертең.
Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лория қызметінен кетеді. Ресми түрде соңғы жұмыс күні 11 наурыз күні екені белгілі болды.
Дәл осы күні ҚФФ Атқару комитетінің кезектен тыс отырысы өтеді. Сол жиында Давид Лорияның қызметінен кетуі туралы шешім ресми түрде бекітіледі.
Сондай-ақ Атқару комитетінің отырысында бас хатшының міндетін уақытша атқаратын тұлға тағайындалады.
Бұған дейін федерация құрылымында тағы бір өзгеріс болуы мүмкін екені хабарланған. Атап айтқанда, вице-президент қызметін қайта енгізу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл лауазым өткен жылы федерация құрылымынан алып тасталған болатын.
Давид Лория Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы қызметіне 2025 жылдың 2 сәуірінде тағайындалды.
Ол бұған дейін кәсіби футболшы ретінде танылған. Лория Қазақстан ұлттық құрамасының сапында 46 матч өткізді.