Давид Лорияның ҚФФ-тегі тағдыры 18 наурызда шешіледі

Сарапшы, спорт журналисі

Бұған дейін бұл мәселе 11 наурызда қаралады деген ақпар тараған болатын. 

Давид Лорияның ҚФФ-тегі тағдыры 18 наурызда шешіледі
Nur.kz

Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лорияның қызметтен кетіп-кетпейтіні 18 наурызда шешіледі. Дәл осы күнге ҚФФ Атқару комитетінің отырысы жоспарланған. Бұған дейін жиын 11 наурызда өтетінін asnews.kz хабарлаған еді.  

Аталған басқосуда Давид Лорияның қызметінен кетуі жөніндегі мәселе қаралып, ресми шешім қабылданбақ. Сонымен қатар федерация бас хатшының міндетін уақытша атқаратын тұлғаны да бекітеді деген ақпар бар. 

ҚФФ құрылымында өзгерістер болуы мүмкін

Федерацияда тек кадрлық ауыс-түйістер ғана емес, басқару құрылымына қатысты өзгерістер де талқыланып жатыр.

Бұған дейін вице-президент қызметін қайта енгізу мәселесі қарастырылып жатқаны хабарланған еді. Бұл лауазым былтыр федерация құрылымынан алынып тасталған болатын.

Давид Лория кім?

Давид Лория Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы қызметіне 2025 жылдың 2 сәуірінде тағайындалды.

Футболшы ретінде ол Қазақстан құрамасының сапында 46 матч өткізген. Кәсіби мансабында бірқатар клубтың намысын қорғап, кейін футбол менеджментіне ауысты.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір