Иран құрамасының ойыншылары Азия кубогында өз елінің әнұранын айтудан бас тартқан еді.
Австралия билігі әнұран айтудан бас тартқан Иран әйелдер құрамасының бес футболшысына гуманитарлық виза беріп, қауіпсіз жерге орналастырды. Бұл туралы Австралияның ішкі істер министрі Тони Берк мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, аталған спортшылардың өтініштері жеке қаралып, гуманитарлық визаларды жеке өзі мақұлдаған.
Тони Берк жуырда спортшылармен бірге түскен суретін әлеуметтік желіде жариялап, олардың жаңа өмір бастауға мүмкіндік алғанына қуанышты екенін жеткізді.
"Бұл шешімді қабылдау әрбір әйел үшін қаншалықты қиын болғанын елестете де алмаймын", – деді министр.
Иран футболшыларының елден кетуіне Азия кубогы кезінде болған оқиға себеп болды.
2 наурыз күні Австралияда өткен матч алдында олар Оңтүстік Кореяға қарсы ойын алдында ұлттық әнұранды орындаудан бас тартқан.
Бұл әрекет Иранның мемлекеттік телеарнасында "масқара" ретінде сипатталған. Сарапшылардың пікірінше, спортшылар елге оралған жағдайда қудалауға немесе қысымға ұшырауы мүмкін еді.
9 наурыз күні АҚШ президенті Дональд Трамп Австралия билігін футболшыларға баспана беруге шақырды. Себебі спортшылар Иранға қайтарылса өмірлеріне қауіп төнуі мүмкін еді.