Жаппай төбелестен кейін "Ордабасы" капитаны қамауға алынды

Сарапшы, спорт журналисі

"Ордабасы" мен "Ақтөбе" жастар командалары арасындағы жолдастық кездесу үлкен жанжалмен аяқталды.

Матчта не болды?

Шымкентте "Ордабасы" мен "Ақтөбе" жастар командалары арасындағы жолдастық ойын күтпеген жаппай жанжалға ұласты. Оқиға екінші таймның басында болған.

Ойын сәттерінің бірінен кейін футболшылар арасында кикілжің туындап, ауызша жанжал тез арада төбелеске айналған. Артынша екі команданың да ойыншылары қақтығысқа араласқан.

Жарақат алған футболшылардың жағдайы қандай?

"Ақтөбе" ФК мәліметінше жанжал салдарынан жастар құрамасының екі ойыншысы зардап шеккен.

Клуб таратқан ақпаратқа сәйкес, екі футболшы ауруханаға жеткізілген. Олардың бірінің жақ сүйегі сынған, енді оған операция жасалмақ. Ал екінші ойыншы ерні мен иегінен жарақат алған.

Шымкент полициясы бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын растады. Құқық қорғау органдары істі бұзақылық бабы бойынша тергеп жатыр.

Жанжалдан кейін оқиғаға қатысқан барлық тұлға бөлімшеге жеткізілген. Тергеу барысында жанжалдың басталуына "Ордабасы" командасының капитаны түрткі болғаны анықталған.

Соның негізінде оған қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір