Миллиондаған табыс. "Ақтөбелік" легионердің жалақысы жария болды

Сарапшы, спорт журналисі

Испаниялық жартылай қорғаушы ай сайын 30 мың еуро шамасында табыс табады. 

Миллиондаған табыс. "Ақтөбелік" легионердің жалақысы жария болды
KazFootball.kz

ҚПЛ клубы "Ақтөбеге" жаңадан қосылған испаниялық жартылай қорғаушы Пабло Альварестің келісімшартының қаржылық шарттары белгілі болды. Бұл туралы sports.kz хабарлады. 

Испаниялық футболшы айына 17 млн теңге алады

Мәліметке сәйкес, 28 жастағы Пабло Альварес "Ақтөбе" сапында айына шамамен 17 миллион теңге (шамамен 30 мың еуро) жалақы алады.

Осылайша, "қызыл-ақтар" клубында ең жоғары жалақы алатын футболшылардың бірі болды. 

Келісімшартта қосымша бонус қарастырылған

Футболшының келісімшартында нәтижелі ойынға байланысты арнайы бонус жүйесі бар.

Егер Альварес маусым барысында "гол+пас" жүйесі бойынша сегіз ұпай жинаса, онда ол қосымша 4,5 миллион теңге (шамамен 8 мың еуро) сыйақы алады.

Бұрын қай клубтарда ойнады?

Пабло Альварес — Испанияның әйгілі "Вильярреал" клубының тәрбиеленушісі.

Ол бұған дейін Еуропаның бірнеше клубында өнер көрсеткен:

  • Украинаның "Карпаты" клубы
  • Болгарияның "Черно Море" командасы
  • Хорватияның "Риека" клубы

Украинаның "Карпаты" клубында ол 41 матч өткізіп, екі гол соғып және екі нәтижелі пас берген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір