Жиын барысында стадиондардың қай жерде орналасатыны, қанша адамға арналғаны, жалпы инфрақұрылымы және УЕФА талаптарына қаншалықты сәйкес келетіні қарастырылды.
Қазақстанда футбол инфрақұрылымын халықаралық деңгейге көтеру мақсатында УЕФА-ның арнайы делегациясы елге келді. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы хабарлады.
Мәліметке сәйкес, сапардың негізгі мақсаты — стадиондарды лицензиялау талаптары мен инфрақұрылым жобаларын талқылау.
Делегация құрамы:
Кездесу барысында тараптар болашақ стадиондардың құрылысына қатысты бірнеше маңызды бағытты да егжей-тегжейлі қарастырады. Болашақ ареналар УЕФА-ның жоғары санаттағы стадион талаптарына толық сәйкес келуі тиіс. Бұл Қазақстанда еурокубок матчтары мен ірі халықаралық турнирлер өткізуге мүмкіндік береді.
"Негізгі мақсат – болашақ стадиондар УЕФА талаптарына толық сай келіп, халықаралық деңгейдегі матчтар мен турнирлерді қабылдай алатындай болуы".
Жаңа стадиондардың логистикалық тұрғыдан тиімді жерде орналасуы және жанкүйерлерге қолайлы болуы басты назарда болады. Заманауи құрылыс технологияларын пайдалану және халықаралық талаптарға сәйкес инфрақұрылым қалыптастыру мәселелері талданады.
Айта кетейік, бұған дейін Қызылордада шамамен 20 миллиард теңгеге салынған жаңа стадион УЕФА лицензиясын әлі алған жоқ.