Азияның үздігі әлем чемпионатына қатысудан бас тартты

Сарапшы, спорт журналисі

Иранның спорт министрі Ахмад Доньямали елдің футбол құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына қатыспайтынын мәлімдеді. Мұндай шешім қабылдауға қазіргі әскери-саяси жағдай негіз болған.

Азияның үздігі әлем чемпионатына қатысудан бас тартты
time.com

Министр не деді?

Ахмад Доньямали өз мәлімдемесінде АҚШ билігін қатаң сынға алып, қазіргі жағдайда Иран құрамасының әлем чемпионатына қатысуына еш мүмкіндік көріп отырмағанын айтты. Яғни ресми Тегеран тарапынан турнирге бармау жөнінде өте қатаң ұстаным жарияланды.

Соған қарамастан FIFA президенті Джанни Инфантино Иран құрамасының АҚШ-та өтетін әлем чемпионатына қатысуы күтілетінін мәлімдеді. Associated Press мәліметінше, Инфантино АҚШ билігінен Иран командасы турнирге жіберілетіні туралы сенім алғанын айтқан. Демек қазіргі сәтте Иранның турнирден біржола шеттетілгені немесе ресми түрде шығарылғаны туралы FIFA шешімі жоқ.

Иран қандай топқа түсті?

Иран құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алған командалардың бірі. FIFA-ның ресми дерегіне сәйкес, ол жарысқа іріктеуден өткен. Ал финалдық жеребе қорытындысында Иран G тобына түсіп, Бельгия, Мысыр және Жаңа Зеландиямен бір топқа жайғасты.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір