ФИФА шымкенттік "Ордабасыға" қатаң жаза қолданды

Сарапшы, спорт журналисі

Алдағы үш трансферлік маусымда шымкенттік команда өз қатарына жаңа футболшыларды қоса алмайды. 

ФИФА шымкенттік "Ордабасыға" қатаң жаза қолданды
Sports24.kz

ФИФА шымкенттік "Ордабасыны" жазалады. Атап айтқанда, Халықаралық футбол қауымдастығы клубқа трансферлік шектеу қойды. Енді алдағы үш трансферлік маусымда шымкенттік команда өз қатарына жаңа футболшыларды қоса алмайды. 

Санкциялар 10 наурыз күні күшіне енді. Алайда ұйым әзірге мұндай шешімнің нақты қандай себеппен қабылданғанын ашып айтпады.

Егер клуб туындаған мәселелерді уақытында шешпесе, трансферлік тыйым 2027 жылдың жазына дейін созылуы мүмкін.

Клуб жақында ғана жеке өткен еді

Еске салайық, 2026 жылдың ақпан айында "Ордабасы" клубы кәсіпкер Шахмұрат Мүтәліптің иелігіне өткен болатын.

"Ордабасы – тарихы бай, адал жанкүйерлері бар клуб. Біздің мақсат – инфрақұрылымды дамыту, жас ойыншыларды дайындау және бәсекеге қабілетті команда қалыптастыру", – деген еді Мүтәліп сол кезде.

ҚПЛ-дегі жағдай

Айта кетейік, Қазақстан Премьер-лигасының 2026 жылғы маусымының бірінші турында "Ордабасы" өз алаңында павлодарлық "Ертіспен" 2:2 есебімен тең түсті.

Шымкенттік клуб келесі кездесуін 16 наурыз күні сырт алаңда астаналық "Жеңіске" қарсы өткізеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір