Ресми ақпаратқа сәйкес, "Қайсар" мен "Астана" арасындағы кездесу алғашында 18:00-де басталады деп жоспарланған.
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының (ҚПЛ) екінші турындағы "Қайсар" мен "Астана" арасындағы матчтың басталу уақыты өзгертілді.
Ресми ақпаратқа сәйкес, кездесу алғашында 18:00-де басталады деп жоспарланған. Алайда "Қайсар" клубының жанкүйерлерінің өтініші бойынша ойын уақыты өзгертіліп, матч 19:00-де басталатын болды.
Айта кетейік, бұл кездесу 2026 жылдың 16 наурызында өтеді.
Екі команда да жаңа маусымды әртүрлі нәтижемен бастады.
Өткен маусымда елордалық клуб чемпиондыққа таласып, 57 ұпаймен турнирлік кестеде екінші орын алды.
Ал қызылордалық "Қайсар" 22 ұпаймен 11-орынға тұрақтады.