"Қайраттың" арқасы. Куртуа тарихи рекорд орнатты

Сарапшы, спорт журналисі

"Реал Мадрид" клубының қақпашысы Тибо Куртуа Чемпиондар лигасында ерекше жетістікке қол жеткізді. Бельгиялық қақпашы бір маусымда екі нәтижелі пас берген тарихтағы алғашқы қақпашы атанды. 

"Реал Мадрид" клубының қақпашысы Тибо Куртуа тағы бір белесті бағындырды. Чемпиондар лигасының бір маусымында екі нәтижелі пас берген тұңғыш қақпашы атанды. Айта кетерлік бір жайт, бельгиялықтың  алғашқы ассисті 2017 жылы “Челси” сапында “Қарабаққа” қарсы матчта тіркелді.

"Ситиге" қарсы кездесу

Ал “Реал” командасындағы бірінші ассист былтыр алматылық “Қайратқа” қарсы ойында жасалды. Сол кездесуде Килиан Мбаппе Куртуа берген пастың арқасында гол соғып, “Реалға” 5:0 есебімен жеңіс әкелді.

“Манчестер Ситиге” қарсы 1/8 финалдың алғашқы ойынында қақпашы тағы бір тамаша пас берді. Федерико Вальверде сол сәтті пайдаланып, есеп ашты. Бұл пас қақпашының биылғы Чемпиондар лигасындағы екінші нәтижелі ассисті болды. Осылайша, Тибо Куртуа биыл ЧЛ маусымында Педри, Букайо Сака, Деклан Райс, Энцо Фернандес, Флориан Вирц секілді ойыншылармен бірдей көрсеткішке қол жеткізді. 

 “Бұл өте жақсы ойын болды. Біз өз жұмысымызға ризамыз. Командада жарақат алған ойыншылар бар, бірақ бұл сылтау емес, біз  соңына дейін күресеміз. Нәтиже жақсы, бірақ бұл тек алға жасалған шағын қадам. “Этихадтағы” бұрынғы жеңілістерді де ұмыт қалған жоқ, сондықтан алда бәрі де мүмкін”. 

Айта кетейік, 3:0 есебі тіркелген сенімді жеңіс “Реалды” 2025-2026 жылғы Чемпиондар лигасының ширек финалына бір қадам жақындатты. Енді Куртуа мен оның командасына алғашқы матчтағы осы басымдықты сақтап қалу міндеті тұр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір