"Сити" - "Ливерпуль": Матчты қайдан және қашан көруге болады

Сарапшы, спорт журналисі

Бүгін Англия Кубогының ширек финалында алыптар шайқасы өтеді. 

"Сити" - "Ливерпуль": Матчты қайдан және қашан көруге болады
Offside.kz

4 сәуір күні Англия Кубогының ширек финалы аясында "Манчестер Сити" мен "Ливерпуль" командалары кездеседі. 

"Сити" — тарихи жетістікке бір қадам

"Манчестер Сити" бұл ойынға жақсы көңіл-күймен келіп отыр. Команда жуырда Англия Лига Кубогын жеңіп алып, бас бапкер Пеп Гвардиоланың мансабындағы 40-трофейін тіркеді.

Қазір "қалалықтар" тағы бір рекордқа жақын. Атап айтқанда, 8-маусым қатарынан Англия Кубогының жартылай финалына шығуы мүмкін. 

Бұл ойын "Ливерпуль" үшін де ерекше мәнге ие. 

Айта кетейік, жуырда клуб көшбасшысы Мұхамед Салах маусым соңында командадан кететінін ресми түрде жариялады. Бұл оның Англия Кубогындағы соңғы матчтарының бірі болуы мүмкін. 

Жалпы, "мерсисайдтықтар" құрамында қазір қиындықтар жоқ емес. Бірқатар ойыншының жарақаты бар: 

  • Алиссон
  • Эндо
  • Брэдли

Матчты қайдан көруге болады?

Қазақстандық жанкүйерлер бұл ойынды тікелей эфирде тамашалай алады:

  • Күні: 4 сәуір (сенбі)
  • Басталу уақыты: 16:45 (Астана уақытымен)

Тікелей трансляция:

  • "QazSport" телеарнасы
  • Онлайн платформалар: Kinopoisk, Freedom Media