"Елімай" ҚПЛ-де көш бастады

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан Премьер-лигасының төртінші турында семейлік "Елімай" Қостанайдың "Тобылын" 1:0 есебімен тізе бүктіріп, турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді.

"Елімай" ҚПЛ-де көш бастады
instagram.com/@fc_elimai

Бірінші таймда есеп ашылған жоқ

Бұл матч Андрей Карпович жаттықтыратын команда үшін аса ауыр әрі тартысты өтті. Соған қарамастан семейлік ұжым шешуші сәтте мінез көрсетіп, өз пайдасына қажет нәтижеге жетті. 

Кездесудің алғашқы бөлігінде екі команда да сақ ойнады. Шабуылға шығуға талпыныс болғанымен соңғы соққы мен нақты шешім жетіспеді. Қақпа маңында бірнеше қауіпті сәт тіркелгенімен командалар үзіліске тең жағдайда аттанды.

Матч тағдырын қосалқы құрамнан шыққан ойыншы шешті

Екінші тайм басталғаннан кейін де ойынның сипаты аса қатты өзгере қойған жоқ. Алайда уақыт өте келе “Елімай” алаңдағы басымдықты өз қолына ала бастады.

Кездесудің шешуші сәті 64-минутта болды. Бас бапкер жасаған сәтті ауысудан кейін алаңға жартылай қорғаушы Роман Мұртазаев шықты. Ол қазақстандық шабуылшы Иван Свиридовтың орнына ойынға қосылды.

Араға көп уақыт салмай, 75-минутта Мұртазаев нәтижелі шабуылды дәл соққымен аяқтап, матчтағы жалғыз голдың авторына айналды. Бұл гол семейлік клубқа өте маңызды жеңіс сыйлады.

Осы жеңістің арқасында “Елімай” Қазақстан Премьер-лигасының турнир кестесінде көш басына көтерілді.

Материалда: