"Қайраттың" бұрынғы бапкері мансабын тоқтатты

Сарапшы, спорт журналисі

Алматылық "Қайрат" клубының бұрынғы бас бапкері Александр Кержаков бапкерлік қызметін уақытша тоқтатқанын мәлімдеді.

"Қайраттың" бұрынғы бапкері мансабын тоқтатты
"Қайрат" ФК

Жақында ғана Кержаков Санкт-Петербург қаласы губернаторының арнайы өкілі қызметіне тағайындалған. Осыған байланысты ол толықтай жаңа жұмысына назар аударатынын, бапкерлік қызметке оралу туралы ойламайтынын айтты. Оның сөзінше, мансабындағы бұл кезең уақытша үзіліс.

Жаңа қызметке өтсем, тек сонымен ғана айналысамын. Басқа нәрсеге қатар көңіл бөле алмаймын,- деді ресейлік басылымға берген сұхбатында

“Қайраттағы” кезең

Еске салсақ, Кержаков “Қайрат” ойыншыларын 2024 жылдың мамырынан қыркүйек айына дейін нақтырақ 97 күн жаттықтырған. Ол қызметтен клуб чемпионатта көш бастап тұрған кезде кетті. Бапкердің басшылығымен алматылық команда 12 матч өткізіп, 6 рет жеңіске жетсе, 3 ойында тең түсіп, 3 жеңіліске ұшырады. 

Александр өзінің бапкерлік мансабын 2017 жылы Санкт-Петербург клубының академиясында бастады. “Қайратқа” дейін ресейлік бапкер “Томь”, “Пари НН”,  “Кармиотисса”, “Спартак” командаларына басшылық еткен.