ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

"ИК"-дағы Алдик "Ертіс" бапкерінің клубтан кетуін талап етті

Павлодарлық клубта дағдарыс күшейген сыңайлы. 

"ИК"-дағы Алдик "Ертіс" бапкерінің клубтан кетуін талап етті
sports24.kz

Павлодардың "Ертіс" футбол клубында жағдай шиеленісе түсті. "Ирина Кайратовна" тобының мүшесі әрі клубтың қайта жандануына үлес қосқан Алдияр Жапарханов бас бапкер Кирилл Альшевскийге ашық түрде үндеу жасады.

Жаңа маусым "Ертіс" үшін қиын басталғаны белгілі. Қазіргі таңда команда турнир кестесінде 11-орында тұр. Алты матчтың қорытындысы бойынша бір ғана жеңіс бар. 

Алдиктің ашық үндеуі

Алдияр Жапарханов Instagram парақшасында қысқа, бірақ қатқыл мәлімдеме жариялады:

"Альшевский мырза, егер сізде намыс, абырой болса, біздің клубтан кетуіңізді сұраймын", – деп жазды ол.

Скриншот

Неге бұл пікір маңызды?

Жапархановтың сөзі жай жанкүйердің сыны емес. Ол – "Ертістің" қайта жандануына тікелей ықпал еткен тұлғалардың бірі.

2023 жылы дәл осы Алдияр облыс әкімімен келіссөз жүргізіп, бұрынғы ойыншылар мен легионерлерді көндірді. Клубтың көпмиллиондық қарызын реттеуге ықпал етті. Сондықтан оның пікірі клуб ішінде де, жанкүйерлер арасында да үлкен салмаққа ие.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.