ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Әйелдер құрамасы рейтингте 16 орынға көтерілді

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) әйелдер ұлттық құрамаларының жаңартылған рейтингін жариялады.

Әйелдер құрамасы рейтингте 16 орынға көтерілді
ҚФФ

Қазақстан ТОП-100 қатарына енді

Жаңартылған тізімде Қазақстан құрамасы айтарлықтай прогресс көрсетті. Команда жалпы 1203.95 ұпай жинап, 113-тен 97-орынға көтерілді.

Рейтингтегі серпіліс 2027 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі ойындармен байланысты. Бегайым Қырғызбаеваның басшылығымен команда Арменияны 3:0 және Беларусьті 1:0 есебімен жеңді. Іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы С6-тобындағы командалар арасында қазір екінші орында тұр.

Рейтинг көшбасшылары

Құрамалар арасында үздік үштік өзгеріссіз қалды:

  1. Испания - 2083.09
  2. АҚШ - 2054.65
  3. Англия - 2038.72

Алғашқы ондыққа сондай-ақ Германия, Жапония, Бразилия, Франция, Швеция, Канада және Нидерланды құрамалары кірді. Көршілес Өзбекстан 53 (1472.13) , ал Қырғызстан 1048.29 ұпаймен 143 орынға тұрақтаған.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.