ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

АПЛ чемпионы үшінші дивизионға түсіп қалды

"Лестер" екі жыл қатарынан төменгі лигаға сырғыды.

АПЛ чемпионы үшінші дивизионға түсіп қалды
rbc.ru

Англия футболындағы аты аңызға айналған клубтардың бірі – "Лестер Сити" Чемпионшиптен түсіп, үшінші дивизионға (League One) аттанды.

21 сәуір күні "Лестер" 44-тур аясында "Халл Ситимен" тең ойнады. Бұл нәтиже команданың турнирлік жағдайын жақсартуға жеткіліксіз болып, "түлкілер" ресми түрде төменгі лигаға түсіп қалды.

Қазіргі таңда "Лестер" Чемпионшип кестесінде 23-орында тұр:

  • 44 ойын
  • 42 ұпай

Қаржылық қиындықтар әсер етті

Маусым барысында клубқа ауыр соққы болған тағы бір фактор – қаржылық ережелерді бұзуына байланысты 6 ұпайдан айырылуы. Бұл жағдай ақпан айында болды. 

Айта кетейік, "Лестер" өткен маусымда Англия Премьер-лигасынан түсіп қалған еді. 2025/26 маусымында команда 18-орын алып, элиталық дивизионнан кеткен болатын. Енді клуб қатарынан екінші жыл төменгі лигаға түсіп отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.