ҚПЛ-де командалар саны азаюы мүмкін. Не себеп?
ҚФФ жаңа талаптарды қарастырып жатыр. Жаңа форматқа инфрақұрылым мәселесі әсер етуі мүмкін.
Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) Қазақстан Премьер-лигасындағы (ҚПЛ) клубтар санын қайта қысқарту мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл мәселе федерация ішінде талқылануда.
ҚПЛ форматы өзгеруі мүмкін
Еске салсақ, өткен маусымда Қазақстан чемпионатында 14 команда өнер көрсеткен. Алайда кейін Атқару комитетінің шешімімен клубтар саны 16-ға дейін көбейтілген болатын.
Қазіргі таңда федерация бұрынғы форматқа қайта оралу нұсқасын қарастыруда.
Негізгі себеп – инфрақұрылым
Бұл бастаманың басты себебі – бірқатар клубтардың инфрақұрылым деңгейі талапқа сай келмеуі.
Мәселен, заманауи стадиондардың жетіспейді. Жаттығу базаларының деңгейі төмен.
ҚФФ пікірінше, бұл факторлар чемпионаттың жалпы сапасына кері әсер етеді.
AmanVIBE дерегіне сүйенсек, федерация алдағы уақытта клубтарға қойылатын талаптарды күшейтуі ықтимал.
"Егер стадион еуропалық стандартқа сай болмаса, клуб Премьер-лигада емес, Бірінші лигада ойнауы мүмкін", – делінеді ақпаратта.