Қазақстан Еуро-2026 1/8 финалында Әзербайжаннан жеңіліп қалды

Бас редактор

Тартысты ойын 3:2 есебімен Әзербайжан құрамасының пайдасына шешілді. 

Қазақстан құрамасы шағын футболдан Еуропа чемпионатындағы жолын аяқтады. 

Жуырда Братиславадағы "Типос Аренада" 1/8 финал матчы өтіп, Қазақстан құрамасы Әзербайжанмен кездескен болатын. Тартысты ойын 3:2 есебімен Әзербайжан құрамасының пайдасына шешілді.

Қазақстан камбэк жасауға тырысты

Кездесуді Әзербайжан құрамасы белсенді бастады. 2-минутта Раван Каримов есеп ашып, қарсыласын алға шығарды. Көп ұзамай, 7-минутта Иса Атаев екінші голды соғып, есепті 2:0-ге жеткізді.

Қазақстан құрамасы тез ес жиып, 8-минутта Оспан Райымбек есеп айырмасын қысқартты. Осылайша алғашқы таймда отандастарымыз ойынға қайта оралуға мүмкіндік алды.

Райымбектің дублі жеңіске жеткізбеді

Екінші таймда Әзербайжан тағы бір гол соқты. 28-минутта Мухаммед Халилов мергендігімен көзге түсіп, есепті 3:1 етті.

Осы жеңістен кейін Әзербайжан құрамасы Еуро-2026 турнирінің ширек финалына жолдама алды. Келесі кезеңде олар Чехия құрамасымен кездеседі.