Қазақстан мен Армения матчын А сериясы мен Лига 1 клубтарының скауттары тамашалайды

Бокс шолушысы

Қазақстан құрамасының Арменияға қарсы жолдастық кездесуіне Еуропадағы белгілі клубтардың скауттары қатысады. 

Қазақстан мен Армения матчын А сериясы мен Лига 1 клубтарының скауттары тамашалайды
Instagram/@kff_team

"Комо" және "Ланс" өкілдері Ереванға барады

РБ Спорт дерегінше, Италияның "Комо" және Францияның "Ланс" клубтарының өкілдері Армения мен Қазақстан құрамалары арасындағы жолдастық матчқа келеді.

Аталған кездесу 6 маусым, сенбі күні Ереванда өтеді. Матчтың басталуы Қазақстан уақытымен 21:00-ге жоспарланған. Еуропалық клубтардың скауттары бұл ойында армениялық екі ойыншыға ерекше назар аудармақ.

Сперцян мен Тикнизян назарда болады

Алдағы матчта скауттар ең алдымен Эдуард Сперцян мен Наир Тикнизянның алаңдағы әрекетін бағалайды.

Бұған дейін журналист Иван Карпов "Комоның" бас бапкері Сеск Фабрегастың Сперцянды өз командасында көргісі келетінін хабарлаған.

Сонымен бірге 2024 жылы италиялық клуб Наир Тикнизянның трансферінен бас тартқаны айтылған. Бұған футболшының Италия чемпионатында легионер ретінде тіркелуі ықпал еткен.