ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 22-тур

Луиш Нани "Ақтөбеден" кетеді

"Ақтөбе" ФК португалиялық футболшысы Луиш Нани Қазақстан Премьер-лигасының 18-туры аясында "Алтайға" қарсы кездесуге қатыспайды.

Луиш Нани "Ақтөбеден" кетеді
instagram.com/fcaktobe_official/

Отбасында қайғылы жағдай болды

Клуб таратқан ақпаратқа сәйкес, Луиш Нанидің жақын туыстарының бірі өмірден өткен. Осыған байланысты “Ақтөбе” ұжымы футболшы мен оның отбасына көңіл айтты.

Португалиялық ойыншы алдағы матчты жеке жағдайына байланысты өткізіп алады.

Бұдан бөлек, Нани 20-26 шілде аралығында Бразилияда өтетін халықаралық IberCup São Paulo турниріне ресми амбассадор ретінде қатысады.

Алдымен футболшы Лиссабонға аттанып, кейін Сан-Паулуға ұшады. Сондықтан командамен бірге Өскеменге бармайды.

“Алтай” – “Ақтөбе” матчы қашан өтеді?

Қазақстан Премьер-лигасының 18-туры аясындағы “Алтай” мен “Ақтөбе” кездесуі 19 шілдеге жоспарланған.

Матч Өскеменде өтеді.

39 жастағы Луиш Нани “Ақтөбе” клубына 25 қаңтарда қосылған. Португалия құрамасы мен “Манчестер Юнайтедтің” бұрынғы ойыншысы осы маусымда 17 матчқа қатысып, үш гол соқты және үш нәтижелі пас берді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.