"Қайрат" бір таймда үш гол соғып, ҚПЛ-де көш бастады (ВИДЕО)
Алматылық "Қайрат" Қазақстан Премьер-лигасының 18-турында "Атырауды" 3:1 есебімен жеңді.
"Қайрат" алғашқы таймда үш гол соқты
Ел чемпиондары матчтың алғашқы бөлігін өте белсенді бастады. Алдымен "Атырау»" қорғаушысы Франьо Прце допты өз қақпасына бағыттап алды.
Одан кейін алматылық клубтың шабуылшысы Эдмилсон Сантос екі рет мергендік танытып, үзіліске дейін есепті ірі көрсеткішке жеткізді.
Осылайша "Қайрат" бірінші таймның өзінде үш голдық басымдыққа ие болды.
Жеңісті уысынан шығармады
Екінші таймда қонақтар ойын қарқынын бәсеңдетіп, қолайлы есепті сақтауға басымдық берді. "Мұнайшылар" бір голмен жауап қайтарғанымен кездесудің жалпы нәтижесіне әсер ете алмады.
Бұл жеңістен кейін "Қайрат" 42 ұпай жинады. Алматылықтар бұған дейін көш бастап тұрған "Ордабасыдан" екі ұпайға басып озып, ҚПЛ кестесінде бірінші орынға шықты.