"Жеңіс" 86-минутта гол соғып, "Ұлытаумен" тең түсті (ВИДЕО)

Бокс шолушысы

Астаналық "Жеңіс" Қазақстан Премьер-лигасының 18-турында өз алаңында Жезқазғанның "Ұлытау" командасымен тең ойнады.

"Жеңіс" 86-минутта гол соғып, "Ұлытаумен" тең түсті (ВИДЕО)
instagram/@fc_ulytau

Бірінші таймда есеп ашылмады

Кездесудің алғашқы бөлігінде екі команда да шабуылда аса белсенділік таныта алмады. Қарсыластардың қақпа маңында қауіпті сәттер аз болып, үзіліске дейін таблодағы есеп өзгерген жоқ.

Екінші таймда ойын қарқыны айтарлықтай артпағанымен алаң иелерінің қорғаныстағы қателігін Бақдәулет Зұлфиқаров сәтті пайдаланып, командасын алға шығарды.

Дегенмен "Жеңіс" жеңілістен құтылып кетті. Матчтың 86-минутында Мәди Хасейн мергендік танытып, қорытынды есепті белгіледі — 1:1.

"Ұлытау" бесінші орынға көтерілді

Осы тең ойыннан кейін "Ұлытаудың" еншісінде 27 ұпай болып, команда Қазақстан Премьер-лигасының турнирлік кестесінде бесінші орынға көтерілді.

Ал 22 ұпай жинаған "Жеңіс" сегізінші сатыда қалды.

Материалда: