Лионель Месси Аргентина құрамасындағы мансабын аяқтады ма?
Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси ұлттық құрама сапындағы өнерін тоқтатуға қатысты әлі нақты шешім қабылдамағаны хабарланды.
39 жастағы Лионель Месси 2026 жылғы әлем чемпионаты қарсаңында ұлттық құрамадағы мансабын аяқтауға қатысты нақты шешімі болмаған. TyC Sports мәліметінше, аргентиналық жұлдыз жақындарына мундиальден кейін құрамадан кететіні туралы айтпаған. Соған қарағанда оның құрамамен бірге алдағы матчтарға қатысу мүмкіндігі жоққа шығарылмайды.
Әзірге Лионель Месси немесе Аргентина футбол қауымдастығы оның ұлттық құрамадағы болашағына қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.
Естеріңізде болса, Аргентина құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының финалында Испаниямен кездесті. Аргентиналықтар қосымша уақытта 0:1 есебімен жеңіліп, әлем чемпионы атағын қорғай алмады.
Месси турнирде сегіз гол соқты
Лионель Месси 2026 жылғы әлем чемпионатында өте нәтижелі ойын көрсетті. Аргентина капитаны турнирде 8 матч өткізіп, 8 гол соқты.
Бұл көрсеткіш оның жасына қарамастан әлі де жоғары деңгейде өнер көрсете алатынын дәлелдеді.