Григорий Бабаян - ұлттық құраманы тізгіндеуге үміткер

Бокс шолушысы

Қазақстан футбол федерациясы жақын уақытта шетелдік маманмен келісімге келе алмаса, уақытша бас бапкер ретінде елордалық клубтың жаттықтырушысы тағайындалуы мүмкін.

Григорий Бабаян - ұлттық құраманы тізгіндеуге үміткер
Vesti.kz

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне қатысты жаңа ақпарат шықты. Атап айтқанда, Григорий Бабаян ұлттық құраманы тізгіндеуі мүмкін. Ол негізгі үміткерлердің бірі ретінде қарастырылып отыр. Бұл туралы AmanVIBE хабарлады. 

Ақпаратқа сәйкес, егер ҚФФ шетелдік маманмен келісімге келе алмаса, Бабаян Қазақстан құрамасын алдағы оқу-жаттығу жиынына және қыркүйекте басталатын еуропалық турнирге дайындайды.

"Астанадағы" жұмысын қатар алып жүруі мүмкін

Егер Григорий Бабаян Қазақстан құрамасының уақытша бас бапкері болып тағайындалса, ол "Астана" клубындағы қызметін де жалғастыруы мүмкін.

Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың жаңа бас бапкеріне қатысты түпкілікті шешімді осы айда қабылдауды жоспарлап отыр.

Әзірге Бабаянның кандидатурасы ресми түрде жарияланған жоқ. Сонымен қатар федерация тарапынан нақты келісім немесе тағайындау туралы мәлімдеме жасалмады.

Байсуфинов қызметінен кетті

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметін Талғат Байсуфинов атқарды.

Отандық маман жуырда отставкаға кетті. Оның ұлттық құрамадан кеткені 22 маусым күні ресми түрде белгілі болды.