"Ордабасы" "Қайратпен" матчқа 11 автобусқа толы жанүкүйер алып барады
Шымкенттік клубтың жанкүйерлері Қазақстан Премьер-лигасының 19-туры аясында "Қайратқа" қарсы матчта командасын қолдау үшін Алматыға жаппай аттанды.
Алматыға 500-ден астам жанкүйер барады
Дереккөз мәліметінше, клуб жанкүйерлердің сапарын ұйымдастыруға көмектескен. Оңтүстік астанаға 11 автобустан тұратын жанкүйерлер керуені жолға шықты.
Орта есеппен бір автобусқа кемінде 50 адам сыятынын ескерсек, Шымкенттен Алматыға шамамен 500-ден астам жанкүйер келеді. Оларға Алматыда тұратын, жұмыс істейтін және білім алып жүрген “Ордабасы” жанкүйерлері де қосылады.
Осылайша шымкенттік клуб сырт алаңдағы маңызды ойында айтарлықтай қолдауға ие болмақ.
Чемпионат көшбасшылары кездеседі
“Қайрат” пен “Ордабасы” арасындағы матч 26 шілде күні сағат 19:00-де өтеді. Кездесу Қазақстан Премьер-лигасының 19-туры аясында ұйымдастырылады.
Бұл ойын чемпиондық бәсекедегі басты матчтардың бірі саналады. Қазір “Ордабасы” турнир кестесінде бірінші орында тұрса, “Қайрат” екінші сатыда келеді.