Италиялық скауттар "Қайраттың" Чемпиондар лигасындағы матчын тамашалайды
Италияның В сериясында өнер көрсететін екі клубтың скауттары Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі "Омония" мен "Қайрат" арасындағы алғашқы матчқа келеді.
Скауттардың назарында Николас Панагиоту болады
24sports мәліметінше, италиялық мамандар кездесуді кипрлік клубтың қорғаушысын бақылау мақсатында тамашалайды. Клуб өкілдері “Омония” мен Кипр құрамасының 26 жастағы орталық қорғаушысы Николас Панагиотудың ойынына баға береді.
Бұған дейін футболшыға “Пиза” клубы қызығушылық танытқаны туралы ақпарат тараған. Бірақ дереккөз матчқа келетін скауттардың ешқайсысы “Пиза” атынан жұмыс істемейтінін атап өтті.
“Омония” – “Қайрат” матчы қашан өтеді?
“Омония” мен “Қайрат” арасындағы кездесу 22 шілде күні Кипр астанасы Никосиядағы ГСП стадионында өтеді.
Матч Қазақстан уақытымен сағат 22:00-де басталады. Бұл ойын Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңі аясындағы алғашқы кездесу болмақ.