Түркістан Чемпиондар лигасының матчын қабылдай ма? "Қайратқа" қатысты тың ақпарат

Жекпе-жек шолушысы

Алматылық "Қайрат" ФК еурокубоктың үшінші іріктеу кезеңіндегі үй кездесуін Түркістанда өткізуі ықтимал.

Түркістан Чемпиондар лигасының матчын қабылдай ма? "Қайратқа" қатысты тың ақпарат
sports24.kz

Матч неліктен Алматыдан көшіріледі?

KazFootball.kz мәліметінше, алматылық команданың келесі еурокубок матчын өткізуге “Түркістан-Арена” стадионы қарастырылып жатыр. Кездесудің басқа қалаға ауыстырылуына 14 тамызда Алматының Орталық стадионында америкалық рэпер Канье Уэстің концерті өтуі себеп.

Бұған дейін “Қайрат” ресми мәлімдеме жасап, концертті Орталық стадионда ұйымдастыру мәселесі команда басшылығымен алдын ала келісілмегенін хабарлаған.

Чемпиондар лигасында кіммен кездесуі мүмкін?

Егер “Қайрат” екі матч қорытындысы бойынша Кипрдің “Омония” клубын жарыстан шығарса, Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Болгарияның “Левски” және Румынияның “Университатя” командалары арасындағы жұптың жеңімпазымен ойнайды.

Бұл командалар арасындағы алғашқы кездесуде “Левски” 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Егер “Омонияға” жол берген жағдайда Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңіне түседі. Онда “Қайрат” Швецияның “Мьельбю” және Гибралтардың “Линкольн Ред Импс” командалары арасындағы текетіресте жеңілген клубпен кездеседі.

Үшінші іріктеу кезеңінің матчтары қашан өтеді?

УЕФА Чемпиондар лигасы үшінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчтары 2026 жылғы 4 және 5 тамызда өтеді. Қарымта кездесулер 11 және 12 тамызға жоспарланған.

Еске салайық, Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі “Омония” мен “Қайрат” арасындағы алғашқы матч Кипрде өтті. Кездесу алаң иелерінің 1:0 есебіндегі жеңісімен аяқталды.