Зайнутдиновтің жағдайы жақсармай тұр: "Динамо" дәрігері алаңдатарлық мәлімдеме жасады

Бас редактор

Мәскеулік "Динамо" клубының дәрігері Михаил Бутовский Қазақстан құрамасының футболшысы Бақтиер Зайнутдиновтің қазіргі жағдайына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, ойыншының жағдайы мамыр айынан бері жақсармаған.

Зайнутдиновтің жағдайы жақсармай тұр: "Динамо" дәрігері алаңдатарлық мәлімдеме жасады
Vesti.kz

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдиновтің алаңға қашан оралатыны әлі белгісіз. Мәскеулік "Динамо" клубының дәрігері Михаил Бутовский футболшының толық қалпына келуі ұзаққа созылып жатқанын айтты.

Зайнутдинов "Балтикаға" қарсы матчта қосалқы құрамда болды

Бақтиер Зайнутдинов "Балтикаға" қарсы кездесуде мәскеулік клубтың матқа өтінімінде болған. Алайда футболшы алаңға шықпай, ойынды қосалқы құрамда өткізді.

Клуб дәрігерінің айтуынша, өтінімге енген ойыншылардың барлығы бірдей толық дайын дегенді білдірмейді.

"Зайнутдинов "Балтикаға" қарсы матчқа өтінімге енді, бірақ қосалқы құрамда қалды. Өтінімге кірген барлық ойыншы алаңға еркін шыға алады деген сөз емес. Біз оның сол уақытқа дейін толық қалпына келуін күткен едік", — деді Бутовский.

"Жағдайы мамырдан бері жақсарған жоқ"

Михаил Бутовскийдің сөзінше, қазақстандық футболшының жағдайында жаңа асқыну болмаған. Алайда оң динамика да байқалмай отыр.

"Бірақ оның жағдайы мамырдан бері жақсарған жоқ. Дегенмен, бақытымызға қарай, жаңа ештеңе болған жоқ. Футболда кейде осындай жағдайлар болады. Біз оның жағдайын түсінеміз және онымен жұмысты жалғастырып жатырмыз", — деді "Динамо" дәрігері.

Бақтиер Зайнутдинов соңғы рет өткен маусымдағы Ресей Премьер-лигасының 12-турында алаңға шықты.

Ол кезде "Динамо" Грозныйдың "Ахмат" клубына қарсы ойнады. Содан бері қазақстандық футболшы ресми матчтарда алаңға шыққан жоқ.