ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ

"Қайсар" уақытша бас бапкер тағайындады

Қызылордалық футбол клубын алдағы уақытта Дмитрий Карпов жаттықтырады.

"Қайсар" уақытша бас бапкер тағайындады
instagram/@fckaysar_official

Карпов команданы "Алтайға" қарсы басқарады

"Қайсардың" баспасөз қызметі Дмитрий Карповтың бас бапкер міндетін уақытша атқаратынын ресми мәлімдеді.

"Дмитрий Карпов "Қайсар" футбол клубының уақытша бас бапкері болып тағайындалды. Ол бұған дейін негізгі команданың жаттықтырушылар штабында бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарған. Енді маман "Алтайға" қарсы өтетін алдағы кездесуде командаға жетекшілік етеді", – делінген клуб хабарламасында.

Андрей Ферапонтов қызметінен кетті

Қызылордалық клуб бұған дейін Андрей Ферапонтовпен ынтымақтастықты тоқтатқанын жариялаған еді. Қазақстандық маман "Қайсарды" 2025 жылдың қараша айынан бері жаттықтырып келді.

"Қайсар" Қазақстан Премьер-лигасының 23 турынан кейін 20 ұпай жинап, турнир кестесінде 14-орынға жайғасқан. Қызылордалық команда соңғы үш кездесуінде қатарынан жеңіліс тапты.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.