ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 25-тур

Өзбекстан Азия кубогының іріктеуінде 4:0 есебімен ұтты

Футболдан Өзбекстанның 20 жасқа дейінгі құрамасы 2027 жылғы жастар арасындағы Азия кубогының іріктеу кезеңінде Үндістаннан басым түсті.

Өзбекстан Азия кубогының іріктеуінде 4:0 есебімен ұтты
AFC

Бірінші таймда екі гол соғылды

Кездесудің 29-минутында Ұлықбек Маратов есеп ашты. Араға алты минут салып, Қувончбек Абраев Өзбекстан құрамасының басымдығын арттырды. Осылайша командалар үзіліске 2:0 есебімен кетті.

Екінші таймда өзбекстандықтар ойын тізгінін уысынан шығарған жоқ. 66-минутта Шорахим Шорахмедов есепті 3:0-ге жеткізсе, 90-минутта Нұрбек Серсенбаев матчтың қорытынды нүктесін қойды.

Келесі қарсылас — Сирия

Екі турдан кейін алты ұпай жинаған Өзбекстан U-20 құрамасы В тобындағы жағдайын айтарлықтай жақсартты. Команда алғашқы ойында Бангладешті 2:0 есебімен жеңген.

Өзбекстан топтық кезеңнің шешуші турында 6 қыркүйекте Сирия құрамасымен кездеседі.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.