Қазақстандық көкпаршылар Көшпенділер ойындарының финалына шықты
Финалдық кездесу 6 қыркүйек күні жарыс қожайындарына қарсы өтеді.
Көкпардан Қазақстан құрамасы Бішкекте өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының финалына жолдама алды.
Жартылай финалда қазақстандық көкпаршылар Венгрия құрамасын 9:4 есебімен жеңіп, В тобындағы бірінші орынмен шешуші кезеңге шықты.
Финалда Қазақстан Қырғызстанмен кездеседі
Турнирдің басты жүлдесі үшін Қазақстан құрамасы жарыс қожайыны Қырғызстанмен күш сынасады. Финалдық кездесу 6 қыркүйек, жексенбі күні өтеді.
Осылайша, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының көкпар бәсекесіндегі чемпиондық атақ Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы матчта сарапқа салынады.
Қазақстан – турнирдің қазіргі чемпионы
Қазақстан құрамасы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қазіргі чемпионы саналады.
Осы мәртебеге байланысты команда жарыстың бірінші турын өткізді.
Екінші турда қазақстандық спортшылар Ресей құрамасын 14:1 есебімен ойсырата жеңіп, турнирдегі мықтылығын тағы бір мәрте көрсетті.
Пікірлер
Пікір қалдыру уақытша жабық.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.