Жәнібек Әлімханұлы финалға шыққан көкпаршыларды жігерлендірді
Кәсіпқой боксшы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының финалына жолдама алған ұлттық құрама көкпаршыларына қолдау білдірді.
Көкпаршыларға сәттілік тіледі
"Қазақ стилі" Instagram парақшасындағы сторисінде ел намысын қорғап жүрген спортшыларға арнайы үндеу жариялады.
"Қырғызстандағы Көшпенділер ойындарында еліміздің намысын қорғап жүрген рухы мықты спортшыларымызға тек сәттілік тілеймін!
Көкпаршыларымыздың финалға шыққанына қуаныштымыз. Жарақатсыз жеңіске жетіп, аттарыңыз сүрінбесін! Барша жанкүйер сіздерге тілеулес", – деп жазды Жәнібек Әлімханұлы.
Қазақстан мен Қырғызстан чемпиондықты сарапқа салады
Қазақстан құрамасы шешуші кездесуде жарыс қожайындары Қырғызстанмен күш сынасады. Екі елдің көкпаршылары арасындағы бәсекеде Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алтын жүлдесі сарапқа салынады.
Ал Жәнібек Әлімханұлының өзі жаңа салмақ дәрежесінде чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасуға жақын. Қазақстандық боксшы екінші орта салмақта WBO титулы үшін ұлыбританиялық Хамза Ширазбен кездесуі мүмкін.
Дүниежүзілік бокс ұйымы тараптарға жекпе-жек жөніндегі келіссөздерді аяқтау үшін қосымша уақыт берді. Келісімге келудің соңғы мерзімі 10 қыркүйекке дейін ұзартылған.

Пікірлер
Пікір қалдыру уақытша жабық.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.