ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 25-тур

Қазақстан көшпенділер ойындарында тағы екі алтын жеңіп алды

Қазақстан құрамасы Қырғызстандағы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлде қорын тағы екі алтын және бір күміс медальмен толықтырды.

Қазақстан көшпенділер ойындарында тағы екі алтын жеңіп алды
NUR.kz

Құсбегілер сайысындағы үздік нәтиже

Серікболсын Жалғасұлы жыртқыш құстармен аң аулау жарысында қарсыластарынан басым түсіп, алтын медаль иеленді. Осы сайыста ел намысын қорғаған тағы бір қазақстандық құсбегі Арман Қошқаров күміс жүлде місе тұтты. 

Осылайша құсбегілік бәсекесінде Қазақстан құрамасының қоржынына бірден екі медаль түсті.

Арқан тартудан екінші алтын бұйырды

Қазақстанның арқан тарту құрамасы 4х4 форматындағы жарыста үздік нәтиже көрсетіп, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы атанды.

Бұл – ұлттық құраманың аталған спорт түрінен алған екінші алтын медалі. Бұған дейін қазақстандықтар 8х8 форматындағы бәсекеде де жеңіс тұғырына көтерілген.

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қырғызстанда 6 қыркүйекке дейін өтеді. Жарыстардың негізгі бөлігі Ыстықкөл облысындағы Кырчын шатқалы мен Шолпан-Ата қаласының ипподромында ұйымдастырылып жатыр.

Айта кетейік, 2024 жылы Астанада өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы 43 алтын медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орын иеленді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.